Елімізде
Алматыда жолаушы автобустан құлап, омыртқасын сындырды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 желтоқсан, 2025
- 360
Қазіргі уақытта бұл жағдайға байланысты полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиға 21 желтоқсан күні №104 бағытта қатынайтын қоғамдық көлікте тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдын ала деректерге сәйкес, автобус жүргізушісі жолаушы толықтай түсіп үлгермей тұрып қозғалысты бастап кеткен.
Соның салдарынан әйел адам тепе-теңдігін сақтай алмай, жерге құлап, омыртқасынан жарақат алған. Қазіргі уақытта бұл жағдайға байланысты полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құзырлы органның мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттелуде. Тергеу барысында жүргізушінің де, жолаушының да әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қазақстан былтыр астық пен ұн экспортын 60%-ға арттырды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 наурыз, 2026






