сәрсенбі, 24 желтоқсан, 2025 19:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкенттіктер Сәкен Бибосыновқа ат мінгізіп, құрмет көрсетті

Шымкенттіктер Сәкен Бибосыновқа ат мінгізіп, құрмет көрсетті
Видеодан скрин жасалды
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара ел намысын қорғап жүрген спортшыға деген құрметтің белгісі.

Шымкент қаласындағы Орталық Азия Инновациялық университетінде оқу ордасының түлегі, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосыновпен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара барысында әйгілі спортшы бокстағы кәсіби жолы, жетістікке жету үшін қажет еңбек, тәртіп пен сенім жайында әңгімелеп, студенттермен тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында университет басшылығы чемпионға 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыстап, ұлттық дәстүрге сай шапан жауып, ат мінгізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара ел намысын қорғап жүрген спортшыға деген құрметтің белгісі. Сонымен қатар, кездесу студенттерге үлкен серпін беріп, жастарды спортпен айналысуға, табандылыққа және отанға адал қызмет етуге ынталандырды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар