сейсенбі, 12 қараша, 2024 22:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Антикор: «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС басшысы сотталды

Антикор: «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС басшысы сотталды
фото - ашық дереккөзден
Ол 170 млн теңге көлемінде пара алған

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС Бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды, деп жазады Jambylinfo.kz.

Р.А. Кадесов О.Б. Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Р.А. Кадесовке 10 жыл, О.Б. Давлетовке – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот Р.А. Кадесовтың мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Антикор.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар