Таразда көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қазан, 2024
- 430
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Басқосуда сөз алған шаһар басшысы алтын құрсақты аналарға ақжарма тілегін арнады.
– Еліміз егемендігін алған сәттен бастап ана мен баланы қорғау, демографияны дамыту бағыттарына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та әр Жолдауында осы мәселені назардан тыс қалдырған емес. Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде Тараз қаласы тұрғындарының саны артып келеді. Бұған өздеріңіздей алтын құрсақты аналарымыздың қосып отырған үлесі зор, – деген Бақытжан Әмірбекұлы 7 анаға «Алтын», 18 анаға «Күміс» алқаларын табыс етті.
Марапат иелері де өз кезегінде қала басшылығына алғыс білдірді.
Жалпы Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2 753 ана «Алтын», 2 516 ана «Күміс» алқаға қол жеткізген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024