«Тараз көркі!» фото байқауының жеңімпаздары марапатталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қазан, 2024
- 426
Жамбыл облысының 85 жылдығына және қала күні мерекесіне орай Қ.Рысқұлбеков саябағында «Тараз көркі!» атты фото байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Салтанатты шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысып, байқау жүлдегерлеріне ізгі тілегін жеткізді.
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото өнері арқылы насихаттап, жаңарып, көркейген шаһарды көпшілікке жаңа қырынан танытуды мақсат еткен байқауда 15 қатысушы өз туындыларын ұсынды.
Солардың ішінен 7 үміткер үздік деп танылды.
Айталық, байқау нәтижесі бойынша Тоқташ Арнат Саматұлы «Үздік репортаж», Нысанбай Даурен Орынбекұлы «Фото минимализм», Қамшыбек Ислам Болатбекұлы «Қас қағым сәт» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ Каленова Ұлжан Медербекқызы «Қас қағым сәт» номинациясы, Дядык Максим Андреевич «Үздік қала пейзажы» номинациясы, Өрнек Мерей «Мөлдір табиғат» аталымдарына қол жеткізіп, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024