жексенбі, 24 қараша, 2024 5:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарқаралы ауданында бір үйдің төрт баласы өрттен қаза тапты

Қарқаралы ауданында бір үйдің төрт баласы өрттен қаза тапты
Сурет дереккөзі: Патриот телеграмм арнасы
Алдын ала мәлімет бойынша олардың ата-анасы көршілерінің үйінде болған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов атындағы ауылда бір үйдің төрт баласы өрттен қаза тапты, деп хабарлайды jambylinfo.kz "Патриот" телеграмм арнасына сілтеме жасай отырып. 
 

Дереккөзге сүйенсек, өрт сөндірушілер өрт сөндірген соң үш ұл бала мен бір қыз баланың денесін тапқан. 
 

"Үш ұлдың біреуі бес, біреуі төрт, біреуі екі жаста. Қыз баланың жасы әлі анықталған жоқ. Олар неше сағат бойы үйде жалғыз отырғандары қазір анықталып жатыр. Полиция ата-анасын тергеп жатқан жоқ, оларға психолог көмек көрсетіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт басталған кезде балалардың ата-анасы көршілерінің үйінде болған",-деп хабарлайды дереккөз. 
 

Бейресми мәліметке сенсек, өрт пештен басталған. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар