Жамбылда әлеуметтік осал топтағы адамдар 1,5 млрд теңгеге жуық қаражаттың қайтарымсыз гранттарын алған
- авторjambylinfo.kz
- 23 ақпан, 2024
- 605
Еңбек мобильділігі орталығының маманы Әсет Доспамбетовтың айтуынша, биыл облыста 1008 адамға грант беру жоспарланып отыр. Оған 1 млрд 488 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Әсет Доспамбетовтың берген мәліметіне сүйенсек, республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты алу үшін әлеуметтік осал топтағы тұрғындар 7 санат бойынша қатыса алады. Ең маңыздысы, қатысушы «Бастау бизнес» жобасы аясында білім алуы керек. Осылайша комиссия оң шешім шығарған тұлғаға 1млн 476 мың теңге береді.
«Жалпы бұл мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 10 жұмыс күні ішінде өтінімдер қабылданады. Портал күндіз-түні, 24 сағат ашық тұрады. Бұл жерде ешқандай шектеу жоқ. 10 жұмыс күні ішінде тәуелсіз комиссия жұмыс істейді. Комиссия отырысында әр тұлға бизнес жобаларын таныстырады. Бұдан кейін 2 жұмыс күні ішінде комиссия шешім шығарады»,-деді кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің маманы.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікті қолдау аясында да грант беріліп жатыр. Кәсіпкерлік басқармасының бас маманы Айжан Жүнісбаеваның айтуынша, қайтарымсыз грант беру ережесіне сәйкес, құжат қабылдау 2021 жылдан бері kezekte.kz порталы арқылы жүргізіледі. Жылда бөлінетін қаржы 21 млн теңге. Маманның сөзінше, әр кәсіпкер 5 млн теңгеден ала алатынын есепке алғанда жылына 4-5 кәсіпкер жаңа жобасын іске асырады. Бірақ, биыл жаңа грант түрлері шығуы мүмкін екенін де айтты.
"2021 жылдан бері 21 млн теңгеден бөлініп келе жатыр. Енді қазір өзгерістерге сәйкес, мемлекет тарапынан тағы да қаражат қарастырылып жатыр. Басқа бағдарламалар шығуы мүмкін. Сол себептен биылға өңір бойынша 21млн теңге бөлініп тұр деуге болады. Бұл грантқа қатысатын адамдар қала, ауыл тұрғындары деп бөлінбейді. Барлығына бірдей беріледі",- деді кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бөлімінің бас маманы.
Кәсіпкерлік басқармасының өкілі берген мәліметке сүйенсек, биылдан бастап қайтарымсыз грант жас кәсіпкерлерге емес, «Бір ауыл - Бір өнім» бағдарламасының финалистері мен әлеуметтік кәсіпкерлерге беріледі. Айта кетерлігі, әлеуметтік кәсіпкерлердің 4 санаты бойынша құжат қабылданады.
«Әр санаттың өз талаптары болады. Біреуінде тізімге сәйкес 7 тұлға тұрады. Мұның ішінде: көпбалалы аналар, әр санаттағы мүгедектер, балалар үйінің жасөспірімдері, абақтыдан босағанына 1 жыл болып, жұмыс таба алмай жүргендер де бар,-деді Айжан Жүнісбаева.
«Грант беру жүйесі цифрландырылғалы қаржысын алып, жобасын аяқсыз қалдыратындар жойылды» дейді бас маман. Оның сөзінше, соңғы 3 жылда 14 кәсіпкерге қайтарымсыз грант берілген. Өткен жылы 5 млн теңгеден алған 4 кәсіпкер Жамбылда таңсық, инновациялық жобаларды іске асырған. Ал, биыл құжат қабылдау наурыз айында басталады.
Құжат қабылданатын мерзім 10-15 күн аралығы. Әрі қарай комиссияға кәсіпкердің өзі қатысады. Құжаттарын өткізіп, өзі естиді, өзі талқылайды. Сұрақтарына жауап береді. Содан кейін әрі қарай шешім қабылданады,- деді басқарма өкілі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Таиланд арасында сауда-саттық көлемі артады
- авторМағжан Орынбасар
- 14 тамыз, 2024