жексенбі, 24 қараша, 2024 1:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мәзірге айран қосса жақсы болар еді...». Жамбыл облысындағы оқушылар мектепте не жеп, не ішіп жүр?

«Мәзірге айран қосса жақсы болар еді...». Жамбыл облысындағы оқушылар мектепте не жеп, не ішіп жүр?
Коллаж: Ернар Балғабай
Қазір облыстағы мектепке 39 кәсіпкер тамақ жеткізеді

Былтырдан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақ ішетін болған. Тамақтың ақысынан бұрын ата-ананы әрине астың сапасы мен құнарлығы көбірек алаңдатады. Осы ретте jambylinfo.kz тілшісі Жамбыл облысы білім басқармасының және Тараз қаласындағы мектеп аспазшысының көмегіне жүгіне отырып, бүлдіршіндеріміз мектепте қалай тамақтанатыны туралы танымдық материал әзірледі.  

Жамбыл облысында балаларды ыстық тамақпен қамту үшін қанша қаражат бөлінген?

Биыл Жамбыл облысында  бірінші сынып балаларын ыстық тамақпен қамту үшін  бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген. Ал, өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен,сондай-ақ киім-кешек, жазғы сауықтырумен қамтамасыз етуді қоса алғанда қордан 6,1 млрд. теңге қарастырылған.

"Мектептердегі ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсымен мектеп әкімшілігі айналысады. Қазіргі таңда жамбылдық оқушыларды тамақтандыру саласында 39 кәсіпкер қызмет көрсетеді",- дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Ару Датаева.

Оның, балалар рационындағы ас мәзірін жасауда ҚР Үкіметінің 12.03.2012 ж. №320 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының» 15-қосымшасы басшылыққа алынады .Ол жерде төмендегі нормалар көрсетілген:

 

Атауы

Мектеп жасындағы бір балаға норма

(6 күнге арналып есептелген бір күндік грамм)

6 (7)-10 жас

11-14 жас

15-18 жас

1

2

3

4

Өнімдер

бидай ұны

4

5

7

қара бидай-бидай наны

20

35

40

қалыпты бидай наны

3

4

5

кептірілген нан

2

2,3

3

макароны, бұршақ, жарма

26

35

42

картоп

42

50

57

көкөніс және басқа көкөністер

84

100

118

жаңа піскен жеміс

100

100

100

жеміс шырыны

33

33

33

кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын)

1

1

1

қант

7

8

9

бал

5

5

5

ет (сиыр еті)

61

73

80

құс еті

28

33

40

жаңа ауланған балық

22

26

28

сүт, қышқыл сүт өнімдері

106

107

108

сүзбе

12

14

16

сүзбеше

50

50

50

ірімшік

2

3

3

сары май

5

6

8

жұмыртқа

1

3

3

өсімдік майы

11

14

15

кисель

4

4

4

картоп крахмалы

2

2

2

йодталған тұз

1

1,5

2

лимон қышқылы

0,2

0,2

0,2

 

«Балалар балық етін ұнатпайды...». Мектеп мәзіріне қандай тамақтар енгізген дұрыс?

Айтып өткеніміздей, редакция тілшісі Тараз қаласындағы Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің бас аспазынан сұхбат ала отыып,  балаларға дайындалатын тағамдардың сапасы, олардың қай асты сүйіп жейтіні, қандай ас көбіне желінбей қалатыны және сырттан тамақ ішетін балалар көп пе, аз ба деген сұрақтарымыздың жауабын іздедік. Бас аспаз ас мәзірінде кейбір тағамдардың балаларға аса ұнай бермейтінін айтады.

"Мәселен бүгінгі ас мәзірінде балаларға сиыр етінен гуляш, ал, гарнирге макарон, сәбіз салаты, нан және балмен шәй беріледі. Балалар балық котлетін онша жей бермейді. Бұршақ езбесі де балалардың сүйікті тамағы деп айта алмаймын. Бұршақ езбесін қарақұмықпен ауыстырса, балаларға да пайдалы болар еді деп ойлаймын. Сонымен қатар, айранды ас мәзіріне қайта қосса, тіпті жақсы болар еді. Жоғары сыныптың оқушылары сырттан тамақтанады демесе, мектептің бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Сондықтан, сырттан көп оқушы тамақ ішеді деп айта алмаймын",- дейді аспаз.

Мектептегі тағам сапасына кім бақылау жасайды?

Ең алдымен жауапкершілік мектеп басшылығы мен медицина қызметкеріне жүктеледі. Мәселен, мектептегі медицина қызметкері асханадағы барлық тағамдарға күнделікті органолептикалық бақылау жүргізеді.  Бұл дегеніміз сезім мүшелерінің көмегімен өнім сапасын анықтау (көру, дәм, иіс сезу, жанасу).      

Осы тұста айта кететін жәйт,  Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында комиссия хатшысы Бахыт Жақсылықова  мектептерде диеталық медбикелердің жоқтығын  сынға алған болатын.

«Тағы да проблемалық мәселе – ол мектептердегі асханаларда тамақтың сапасына бақылау жасайтын арнайы мейіргерлердің (диетмедсестра) жоқтығы,  олардың міндеттері мектеп мейіргерлеріне жүктелген.  Алайда Тараз қаласындағы мектеп мейіргерлерінің тамақ сапасына бақылау жүргізуге арнайы сертификаттары жоқ, олардың біліктіліктері сай келмейді», - деген еді ол.

Комиссия хатшысының бұл сөзін білім басқармасының баспасөз хатшысы да растады. Ол облыста тек интернаттарда ғана диетмедбикелердің жұмыс істейтінін айтады. Дегенмен, бұл мәселе алдағы уақытта назарға алынбақ.

Ал, тамақтың бағасына келер болсақ, асханадан ақылы түрде тамақтанатын жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар үшін әр кәсіпкер бағаны өзі бекітеді дейді білім басқармасының баспасөз хатшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар