бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 18:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда балабақшадағы балалар бір баланы миы шайқалғанша сабаған

Алматыда балабақшадағы балалар бір баланы миы шайқалғанша сабаған
Сурет: Видеодан скриншот
Қазір қатарластарынан таяқ жеген ұл бала ауруханада жатыр

Алматыдағы балабақшалардың бірінде кішкентай балалар бір ұлды жабылып ұрып, бүлдіршіннің миы шайқалғаны анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Қазір қатарластарынан таяқ жеген ұл бала ауруханада жатыр. 
 

Оқиға осыдан үш күн бұрын, 21 ақпанда орын алған. Баланың анасы видеожазбаны бүгін әлеуметтік желіге жүктеп, қазір баласы ауруханада жатқанын айтқан. 

“Оқиға 2024 жылы 21 ақпанда түскі сағат 12.00 кезінде болған. Менің ұлымды балалар бес минут бойы тепкілеген. Тәрбиеші ол кезде өз жұмыстарымен кабинеттен шығып кеткен. Баламның миы шайқалған, қазір ауруханадамыз. Балалардың мына қатігездігін көріп, жағамызды ұстадық. Балам жерде жатыр, тәрбиеші кіріп, жанынан өте шықты. Тәрбиеші “балаңыз басын үстелге соғып алды” деді. Бірақ, баламның басынан көгерген жері көбейіп кеткен соң осы жайды анықтадық. Топта бұған дейін де “басын бір жерге соғып алған” балалар болды”,-дейді ашынған ана. 

Алматы қалалық білім басқармасы тәрбиешіге қатысты қатаң сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар