Тараз тұрғындары енді дайын құжаттарын кез келген уақытта постоматтардан алып кете алады
- авторjambylinfo.kz
- 23 ақпан, 2024
- 629
Жамбыл облысының Тараз қаласы мен Қордай ауданында халыққа қызмет көрсету орталықтарында дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар орнатылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Азаматтарға арналған үкіметтің Жамбыл облыстық филиалына сілтеме жасай отырып.
Постоматтар тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Азаматтар постоматтардан баланың туу туралы куәлігін, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу сияқты құжаттарды ала алады.
“Жалпы, қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алды. Енді Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы Шымкент, Тараз, Қордай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Семей қалаларында орнатылды. Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді”,-деп хабарлайды дереккөз.
Аталған қызметтер бойынша өтінімді рәсімдеу кезінде клиентке нәтижені постоматтан алу туралы ұсыныс айтылады. Клиент құжаттың дайын болғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін, 3 күннің ішінде құжатты алуы тиіс. Жамбыл облысындағы постоматтар Тараз қаласы Төле би даңғылы 89Г және Қордай ауданы, Батыс тұрғын алқабы, 25 мекен жайында орналасқан.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз