жексенбі, 22 маусым, 2025 12:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағанды мен Ыстамбұл арасында тікелей рейс ашылды

Қарағанды мен Ыстамбұл арасында тікелей рейс ашылды
instagram.com/flyarystan
4 маусымнан бастап FlyArystan әуе компаниясы Қарағанды – Ыстамбұл бағытында тікелей халықаралық рейсті іске қосты.

Жазғы маусымға арналған бұл жаңа бағыт аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Ұшу Airbus A320 ұшағымен жүзеге асады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қарағандыдан ұшақ 14:20-да көтеріледі, ал Ыстамбұлға 18:35-те қонады. Кері рейс 19:20-да ұшып, Қарағандыға келу уақыты – 02:30.

Алғашқы рейс салтанатты түрде аттанып, жолаушыларға дәстүрлі түрік тәттілері табысталды.

Авиакомпания өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасты нығайтып, Қарағанды тұрғындары үшін Ыстамбұлға тікелей қатынау мүмкіндігін ашады. Рейс 29 тамызға дейін жалғасады.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар