Елімізде
Қарағанды облысында жүк автокөліктерін тіркеу ісіндегі алаяқтық анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қазан, 2024
- 326
Осылайша, ХҚКО бұрынғы басшысы ұсталды
Қарағанды облысында жүк автокөліктерін тіркеу ісіндегі алаяқтық анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«ХҚКО қызметкерлері көлік құралын тіркеу кезіндегі алымды және утилизация төлемдерін төлемеу үшін ақпараттық жүйеге жүк көліктерінің VIN-кодтары бойынша жалған деректер енгізген», - деді ведомство.
Бас-аяғы 33 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Сол себепті мемлекет бюджетіне 315 млн теңге шығын келген.
Мамандандырылған ХҚКО бұрынғы басшысы мен орынбасары қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың 42 млн теңге тұратын мүлкі бұғатталды.