Елімізде
Астана – Павлодар ақылы жолында аптап ыстық салдарынан асфальт бүлінді
- авторБақытжан Бекболат
- 13 маусым, 2025
- 552
«ҚазАвтоЖол» мамандары жөндеу жұмыстарына кірісті.
Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы бағытындағы республикалық маңыздағы автожолдың кейбір бөліктері қатты ыстықтың салдарынан зақымданған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
12 маусым күні кешке, жолдың 1265-шақырымында асфальт жамылғысы жарылып, бетон плиталар қисайып кеткен.
«Ауаның күрт ысуы (+33…+35°C) салдарынан цемент-бетон жабындысы бүлінді. Қазір жол қызметі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін уақытша белгілер орнатты. Ақау анықталған аумаққа арнайы техника жеткізіліп, жөндеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Апатты аумақта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Келесі мақала
Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке тікелей рейс ашылады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қаңтар, 2026






