Елордада 18 наурыздан бастап вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр.
Полицейлер сауда орындарын тексеріп, заңсыз насыбай сатқандарды әкімшілік жауапқа тартып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық фактісін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын анықтады.
Рейд барысында 4 тонна насыбай тәркіленді, оның құны 20 млн теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылған.
Рейдтік тексерулер нәтижесінде заң бұзғандар 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл сала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Барлық өнімдер жергілікті орындардан тәркіленеді.
Келесі мақала
Жастарға 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар беріледі
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024