1 сәуірден бастап Күйік асуы арқылы өтетін жолда көлік қозғалысына шектеу қойылады
- авторКенжекей
- 26 наурыз, 2024
- 1.2k
Бұл жол Жамбыл облысының Жамбыл және Жуалы аудандары арқылы өтеді.
“1970 жылдары салынғаннан бері аталмыш жолдың бұл учаскесінде қайта немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жол жүргені үшін осы учаскеде ақы алынбайды.Автокөліктердің қауіпсіздігі мен тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ техникалық сипаттамаларды жақсарту үшін 2023 жылдың желтоқсан айында жалпы ұзындығы 12,3 км болатын осы учаскеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасалды. Аталған жұмысты жүзеге асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланған”,-деп хабарлайды “ҚазАвтожол” компаниясы.
Қазір жол жөндеу үшін дайындық басталған.
“Айта кетейік, 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін осы аумақта көлік қозғалысына шектеу енгізу жоспарланып отыр. Көлік ағынының барлық түрлері үшін Күйік асуы арқылы жаңадан салынған айналма жол арқылы қозғалысты ұйымдастыру жоспарланған”,-деп хабарлады компания.
Сонымен қатар, Күйік асуы арқылы өтетін ескі жол да тегін болады.