Астанада Латвия Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 тамыз, 2025
- 401
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Даце Руткадан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында министрдің орынбасары латвиялық дипломатқа құттықтауын білдіріп, Қазақстан мен Латвия арасындағы екіжақты және көпжақты серіктестіктің үдемелі дамуына қанағаттанушылығын атап өтті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық бағыттардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақтағы даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Сұхбат соңында А. Исетов Астана мен Рига арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа Елшінің жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, Д. Руткаға Қазақстандағы қызметінде табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






