бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 21:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанадағы бос тұрған ғимараттан 14 жастағы оқушының мәйіті табылды

Астанадағы бос тұрған ғимараттан 14 жастағы оқушының мәйіті табылды
Көрнекі фото - ашық дереккөзден
Полиция ақпаратты растады

Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен оқушының мәйіті табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әлеуметтік желіде Астанадағы қараусыз қалған ғимараттан 14 жастағы оқушының денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Марқұм - №16 орта мектептің оқушысы екені белгілі болды.

Астана полиция департаменті ақпаратты растады.

– 10 қыркүйекте Астанадағы № 5 мектеп-гимназиясының жанындағы қараусыз қалған ғимаратта оқушы қыздың жансыз денесі жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Кәмелетке толмаған баланың мәйітін тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады, өлімнің себебі анықталып жатыр. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді полиция.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар