Астанада жаңадан ашылған 100 млн теңге тұратын мейрамхана екі күннен кейін жанып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2024
- 413
Астаналық кәсіпкер 100 миллион теңгеге салған мейрамхана ашылғаннан екі күненн кейін жанып кетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Вottega негізін қалаушы Айсұлу Абдусалямова әлеуметтік желіде жобасының сәтсіз болғанын айтты.
"Біз екі күн жұмысты бастағанбыз, бірақ бәрі өртеніп кетті. Осы жазғы жобаға 100 млн теңге салынды, оны үш ай ішінде қайтарып алуды жоспарлаған едік. Көптеген ресурстар, ақша, уақыт жұмсалды", - деді Айсұлу.
Араға ай салып, тамтығы қалмаған мейрамхана орнына кәсіпкер қайтадан нысан салды. Бұған дейінгі қыруар қаражатты желге ұшырған азамат белгілі болды дейді кәсіпкер.
Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Астана қалың қара түтінмен жабылған болатын. Елордалық ТЖД "құмыра" мейрамханасының жанындағы жазғы кафеде өрт шыққанын хабарлаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасарын қызметінен босатты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024