Атырауда полиция 16 келі қарасора өсірген аудан тұрғынын анықтады, деп хабарлайды
Polisia.kz. жазғандай, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора - 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан Индер ауданының тұрғынын ұстады.
- Тінту кезінде тұрғылықты мекенжайынан 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елена Рыбакина Эр-Риядтағы WTA Финалын айқын жеңіспен бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қараша, 2025
"Абай болыңыз": Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 1 қараша, 2025






