Елімізде
Атырауда өрттен 35 жастағы баласын құтқару кезінде анасы қаза тапты
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2024
- 454
Бүгін таңертең болған оқиға кезінде 1 отбасындағы 2 адам қайтыс болған
Атырауда үйден шыққан өрттен баласын құтқару кезінде анасы қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
66 жастағы әйел психикалық ауытқуы бар 35 жастағы ұлын отқа оранған үйден шығаруға тырысып, бірақ үлгере алмаған. Шатыр құлап, нәтижесінде екеуі де қаза тапты,- деп жазды Atyrau Online жергілікті порталы.
Жалын бірден тұрғын үйге лап қойған. 58 жастағы отағасы 5 жасар немересін терезеден құтқарып, күйік түтінмен уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ақкөл ауылында болған.