Аудиторлар Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін тексереді
- авторМағжан Орынбасар
- 28 тамыз, 2024
- 463
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлихан Смайылов президентке жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындыларын баяндады. Оның сөзінше, теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген;
Сонымен қатар, жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған;
Кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленгенін айтты;
Палата төрағасы мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасын таныстырып, биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндады. Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024