бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 18:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Алғашқы қоңырау бәріне бірдей соғылмайды»: министрлік 1-ші қыркүйекке қатысты түсініктеме берді

«Алғашқы қоңырау бәріне бірдей соғылмайды»: министрлік 1-ші қыркүйекке қатысты түсініктеме берді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Кейбір мектептердің әкімшілігі 1 қыркүйектегі шараға оқушылардың қатысуын өздері шешеді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 -ші қыркүйек жексенбіге тұспа-тұс келуіне қарамастан еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылатынын айтқан болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін министрлік бұл шараға тек 1-11 сынып оқушылары ғана қатысатынын айтқан. Алайда, кейін белгілі болғандай, ведомство өкілдері 1-ші қыркүйекте өтетін салтанатты жиыннан кейбір мектептер босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

«1-ші қыркүйек Білім күніне орай өтетін салтанатты жиыннан оқушы саны 4000-нан асатын мектептер босатылады. Ал мектепте оқушы саны аз шағын қалалар мен ауылдық елдімекендерде бұл мәселені мектеп әкімшілігі өздері шешеді. Яғни бұл мектептерде барлық оқушыларға бірдей салтанатты шараны өткізу я өткізбеу олардың өз құзырында»,- деп жауап берді  министрліктен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар