дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі шенеуніктер сотталды

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі шенеуніктер сотталды
Фото - ашық дереккөзден
Олар кәсіпкерлерден пара алған

Ауыл шаруашылығы министрілігінің балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Антикор мәлімдегендей, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар сотталды. Бас бостандығынан айырылған сыбайластардың бірі балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы екені белгілі болды.  Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

- Аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды,- делінген ресми хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар