Ауылдағы ағайынға далада ұзақ серуендеуден бас тарту туралы кеңес берілді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 16:45
- 172
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, ауа райына байланысты ескертулерді мұқият қадағалауға және қолайсыз метеожағдай кезінде алыс жолға шықпауға шақыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ауылдық аймақтарда тұратын халыққа ауа райы нашарлаған уақытта ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы мәліметтер тұрғындарға СМС-хабарламалар, интернет платформалар және әлеуметтік желілер арқылы дер кезінде жеткізіледі.
Министрлік қыс мезгілінде толық қатып үлгермеген мұздың қауіпті екенін ескертіп, су айдындары маңында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мақсатында 44 мыңнан астам маман және 14 мыңнан аса техника дайындыққа қойылған.
Еліміздің әр өңірінде 1 681 жылыту бекеті әзірленген. Сонымен қатар ТЖМ-ге қарасты 40 трассалық медициналық-құтқару пункті де жылыту орындары ретінде қолданылатын болады.





