бейсенбі, 11 желтоқсан, 2025 17:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Таразда «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараның мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Тараз–Болашақ жоғары медициналық колледжінде «Тараз қауіпсіз қала» жобасы аясында «Заң бәрімізге ортақ» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Семинарға Тараз қалалық мәслихат депутаты, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Лесбек Азамат Қайратұлы, Тараз қалалық №2 пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет полковнигі Абдиразақов Ғалымжан Болатбекұлы, сондай-ақ Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ниязбек Әліайдар Сейфуллаұлы қатысты.

Жиынға 100-ге жуық жас қатысып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау тақырыптарында мазмұнды ақпарат алды. Семинар барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, құқықтық бағыттағы түсіндіру жұмыстарымен танысты.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар