
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева мәлімдеді
Биыл Қазақстан нарығына төрт шетелдік лоукостер компаниясы кірмек, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сенаттағы дөңгелек үстел барысында ол осы әуе компанияларын атады: Оңтүстік Кореядан – T’way мен Eastar Jet, Үндістаннан – SpiceJet, ал Таиландтан – AirAsia X. Бұл лоукостерлер 22 бағыт бойынша рейстер орындауды жоспарлап отыр.
Кейінірек кулуарда Томпиева нақтылап өтті: AirAsia X Таиландтан Қазақстанға рейс ашады, T’way мен Eastar Jet Сеулден Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Пусаннан Алматыға ұшатын болады.
SpiceJet Үндістанның Дели қаласынан Алматыға қатынайды.
"Бұл лоукостерлердің тарифтері айтарлықтай қолжетімді болады деп күтеміз. Олар ұшу кестесін бекітті, енді көктем-жаз айларында рейстерін бастайды", – деді Томпиева.