жұма, 6 ақпан, 2026 10:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан балалар денсаулығы бойынша әлемнің ТОП-30 елінің қатарына енді

Қазақстан балалар денсаулығы бойынша әлемнің ТОП-30 елінің қатарына енді
istockphoto.com
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді.

Қазақстан жүйелі шаралардың арқасында балалардың әл-ауқаты индексінің «Денсаулық» бағыты бойынша әлемдік рейтингте ТОП-30 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, балалардың денсаулығын жақсарту үшін заңнамалық шаралар іске асырылды. Олар балаларды есту аппараттарымен қамтамасыз етуге, трансплантациялау (кератопластика) қызметтерін кеңейтуге, балаларға реконструктивтік және пластикалық операциялар жүргізуге, тұқым қуалайтын-генетикалық скринингтерге қатысты.

«Балалардың уақытша қозғалысы шектелген кезеңдерде көмекші техникалық құралдарды алуы, кәмелетке толмаған туысқан донордан сүйек кемігін транспланттау, сондай-ақ ем алу үшін басқа өңірге шыққанда жол жүру шығындарын өтеу бойынша жаңа заңнамалық нормалар пысықталып жатыр», - деді спикер.

Сондай-ақ, нейрохирургиялық патологиясы бар 36 балаға «Гамма-пышақ» аппаратында ота жасалды, жыл сайын есту импланттарын орнату бойынша 400 операция жасалады, шала туған 700 балаға ретинопатияны түзету жүргізіледі.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған екі негізгі көрсеткіш белгіленген: профилактикалық тексерулер мен патронаж арқылы қамтылатын балалардың үлесін жақсарту және денсаулық сақтау нысандарының тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендету.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар