жұма, 6 ақпан, 2026 10:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде балаларды кейс-менеджерлер арқылы жеке сүйемелдеу енгізіледі

Елімізде балаларды кейс-менеджерлер арқылы жеке сүйемелдеу енгізіледі
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін турникеттер орнатылды, лицензияланған күзет қызметі жұмыс істейді, дабыл батырмалары мен бейнебақылау жүйесі басқару орталықтарына қосылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Күзет қызметіне қойылатын талаптар бекітілді, бұл мектептердің қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ақылды технологияларды енгізу жоспарланып отыр. 

«Қазіргі таңда балаларды қорғау жүйесін 14 мыңнан астам қызметкер қамтамасыз етеді – бұл қамқоршылық органдарының қызметкерлері, педагог-психологтер және әлеуметтік педагогтер. Аймақтарда құрылатын балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының қызметі заң жүзінде реттелді. Тұжырымдама аясында 20 басқарма құрылады. Әр баланы жеке қолдау мақсатында қамқоршылық органдарында кейс-менеджер қызметі енгізіледі. Педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерге жаңа талаптар белгіленіп, олар жыл сайын оқытудан өтеді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар