Қазақстан экономикасы биылғы алғашқы жартыжылдықта 6,2%-ға өсті
- авторБақытжан Бекболат
- 15 шілде, 2025
- 542
Қазақстан экономикасы 2025 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша 6,2% өсімді көрсетіп, оң қарқынмен дамуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған көрсеткіш – алғашқы бес айдағы өсіммен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа жоғары. Сонымен қатар, бұл соңғы 14 жылдағы жалпы ішкі өнімнің ең жоғары өсімі саналады. Айта кетейік, 2024 жылдың осы кезеңінде өсім небары 3,2%-ды құраған болатын.
«Экономиканың нақты секторы +8% және қызмет көрсету саласы болды, ол 5,2%-ға өсті. Көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсу байқалады (+8,4%).Өңдеу секторы 5,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы 3,7%-ға өсті», – деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.






