Елімізде
Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс саласындағы әріптестікті нығайтады
- авторБақытжан Бекболат
- 6 маусым, 2025
- 183

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Құжатқа қол қою Лондонда өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Онда ҚР ҚМ Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы ресми сапармен болды.
Іс-шара барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.
Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар болып табылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.
Келесі мақала
Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған қаражат 310 млрд теңгені құрады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025