Қазақстан мен Ресей шекарасында көліктер өте алмай тұр
- авторjambylinfo.kz
- 30 наурыз, 2024
- 1.3k
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзіне сүйенсек, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарындағы су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.
«Өз кезегінде шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пунктерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз» деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Теміртауда төтенше жағдай жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды
- авторБақытжан Бекболат
- 22 сәуір, 2026
Синоптиктер ескерту жасады: нөсер, бұршақ және тұман күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 22 сәуір, 2026






