дүйсенбі, 14 шілде, 2025 18:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Өзбекстанға 3,3 млн тонна астық экспорттады

Қазақстан Өзбекстанға 3,3 млн тонна астық экспорттады
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті

Қазақстан жаңа астық өнімінің 9 млн тоннасын экспорттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының деректеріне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейінгі аралықта жаңа астық өнімінің экспортының көлемі 9 млн тоннаны құрады, бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 60%-ға көп.

Экспорт көлемінің айтарлықтай өсуі Қазақстан астық өнімдерінің сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растайды.

Экспорттың негізгі бағыттары дәстүрлі түрде Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттері:

Өзбекстан — 3,3 млн тонна (+32%), Тәжікстан — 1,2 млн тонна (+45%), Ауғанстан — 309 мың тонна (+46%), Қырғызстан — 233 мың тонна (+94%), Иран — 974 мың тонна (17,5 есе өсті), Әзірбайжан — 707 мың тонна (116 есе өсті). Иран мен Әзірбайжанға жеткізу көлемінің өсуі сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюімен қатар, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар