Қазақстан жастары Тазару күніне белсенді қатысты
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026
- 255
Наурыз мейрамы аясында 23 наурыз – Тазару күні еліміздің барлық өңірінде кең көлемде атап өтіліп, оған жастар белсенді атсалысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараларға еліміздің жетекші жастар және қоғамдық ұйымдары қатысты. Жалпы қатысушылар саны шамамен 2 мың адамды құрады.
Айтулы бастамалардың бірі – экологиялық мәдениет пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Өзіңнен баста» челленджі. Бастаманы «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының мүшелері қолға алып, ол бүкіл ел жастары арасында кең қолдау тауып, барлық өңірді қамтыды.
Сонымен қатар өңірлік жастар ресурстық орталықтары мерекелік іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамдық кеңістіктер мен Наурыз тойланған орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары табиғи бұлақтар мен су көздерін тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына белсенді қатысты.
Аталған іс-шаралар Наурыз дәстүрінде орныққан тазалық, табиғатқа жанашырлық және экологиялық жауапкершілік құндылықтары төңірегінде жастардың топтасуының жарқын көрінісіне айналды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 12 сәуір, 2026






