жексенбі, 23 маусым, 2024 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда «Абай оқулары» басталды

Қазақстанда «Абай оқулары» басталды
Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Жас өркендер алты номинация бойынша бақ сынайды

10-13 маусым аралығында Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде XXV республикалық «Абай оқулары» өтеді. Көркемсөз байқауына 8-11 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

 

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, байқаудың мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Салтанатты шараның ашылуында Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев жас таланттарға сәттілік тіледі.

«Абай оқулары оқушылардың рухани дамуына ерекше әсер ететін қоғамдық - мәдени шара екендігі жыл сайын айқындалып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жас дарындардың басын қосатын киелі мекенде әр қатысушы сөз өнері шыңында сыналады, қабілет қарымын арттырады. Қазіргі жаңа буын Абай мұрасынан нәр алып, оның асыл сөздерін, асқақ поэзиясын, терең философиясын бойына сіңіріп өсуге тиіс», - деді Қаныбек Жұмашев.

Республикалық қорытынды кезеңде 130-дан аса жас дарын 6 номинация бойынша бақ сынасады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар