жұма, 17 сәуір, 2026 11:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өскеменде үй жағдайында фитолаборатория ұйымдастырған күдікті ұсталды

Өскеменде үй жағдайында фитолаборатория ұйымдастырған күдікті ұсталды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Дәрмек” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Өскемен қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысуы мүмкін деген жергілікті тұрғын туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталықпен бірлесіп, 41 жастағы күдіктіні ұстады.

Тінту кезінде оған тиесілі шаруашылық құрылыстардың аумағынан фитолаборатория ретінде жабдықталған бөлме анықталды. Оның ішінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік бұталары, төрт жарықдиодты шам және желдеткіш табылып, тәркіленді.

Тәркіленген өсімдіктің қарасора екені және салмағы 5 келіге жуық есірткі заты екенін анықталды. Сонымен қатар зертханада салмағы 200 грамнан асатын дайын психотроптық зат — кептірілген марихуана болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция есірткі заттарын заңсыз өсіру және сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Есірткінің заңсыз айналымы саласында кез келген құқыққа қайшы әрекеттің жолы кесілетін болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар