Алдағы үш тәулік ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен елдің көп өңірінде жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде тұрақты ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында қалып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында 31 қаңтарда күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Ауа температурасына келетін болсақ, республиканың барлық аумағында біртіндеп жоғарылау байқалады. 31 қаңтар күндіз ауа температурасы батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде –5°С-тан +5°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және елдің орталығында –2°С-тан –10°С-қа дейін жетеді", - делінген хабарламада.





