«Қиын жағдайдан шығу жолдары: психологиялық қолдаудың маңызы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 18:50
- 81
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен сотталған азаматтар арасында суицидтің алдын алу, психоэмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және өмірге деген оң көзқарасты нығайту мақсатында «Қиын жағдайдан шығу жолдары: психологиялық қолдаудың маңызы» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Іс-шара барысында «Қолдау», «Таңдау», «Өмір тепе-теңдігі» тақырыптары қозғалып, сотталған азаматтарға бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығы, қиын жағдайларда көмек сұраудың қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылардың өзара сенімді қарым-қатынас орнатуына және ішкі жан дүниесін түсінуіне бағытталған психологиялық жаттығулар өткізілді.
Тренинг аясында жүргізілген жаттығулар өмірлік қиындықтарды жеңудің балама жолдарын табуға, психоэмоционалдық күйді тұрақтандыруға және болашаққа деген сенімді арттыруға бағытталды. Аталған іс-шара сотталған азаматтардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, өмірлік құндылықтарды қайта бағалауға мүмкіндік берді.




