Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады
- авторБақытжан Бекболат
- 22 шілде, 2025
- 1.8k
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
22 және 24 шілде күндері еліміздің батысында қатты жаңбыр жауып, күндіз кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, дауылды жел тұруы ықтимал.
Ал елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Сонымен қатар, түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік пен шығыс өңірлерде тұман түсуі ықтимал.
Өте қатты ыстық күтіледі
22–23 шілде күндері еліміздің бірнеше аймағында аптап ыстық орнайды:
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 40°С-қа дейін жетеді;
Алматы облысының батысы, солтүстігі және орталығында 42°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Сонымен қатар:
Батыс өңірлерде күндізгі температура 35–39°С,
Оңтүстік-батыста – 38–42°С,
24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде – 35°С,
Орталық өңірлерде – 35–38°С,
Елдің оңтүстігінде – 40–42°С,
Оңтүстік-шығыста – 35–39°С болады деп күтілуде.






