бейсенбі, 18 сәуір, 2024 5:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстанда кадеттер небары 8 мың теңге, ал курcанттар 21 мың теңге шәкіртақы алады

Қазақстанда кадеттер небары 8 мың теңге, ал курcанттар 21 мың теңге шәкіртақы алады
Коллаж: Ернар Балғабай
Қорғаныс министрлігі курстанттар мен кадеттер тегін тамақ және тегін формамен қамтамасыз етілетінін айтып отыр

Қазір әскери оқу орындарында білім алып жүрген кадеттердің шәкіртақысы 8 128 теңге болса, ең жоғарғы курстағы курсанттар 21 мың теңге шәкіртақы алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Еліміздегі әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі» тақырыбындағы брифингте jambylinfo.kz тілшісінің сұрағына жауап бере келе полковник Амангелді Тоғысов мәлім етті.

«Жоғарғы оқу орындарының студенттері курстан, кадет және ұлан лауазымдарына бөлінеді. Олардың шәкіртақысына келсек, курсанттардың шәкіртақысы курсына байланысты болады. Бірінші, екінші курстағы курстанттар 12 629 теңге алады, үшінші төртінші бесінші курстанттар 21900 стипендия алады. Колледждегі кадеттер 8 128 теңге стипендия алады», - деді Амангелді Тоғысов.

Ал, курстанттардың шәкіртақысы азаматтық жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысынан неге аз деген сұрағымызға жауап берген Тоғысов оларға мемлекет тарапынан тегін тамақ және тегін форма берілетінін алға тартты.

«Азаматтық оқу орындарымен салыстырғанда, біздің курстаттан мен кадеттер тегін жатын орынмен, тегін әскери формамен, тамақпен қамтамасыз етіледі. Демалыс кезінде олардың жолақысы төленеді», - дейді ол. Осы ретте біз инфляцияға байланысты курсанттардың шәкіртақысы көбейме деген сауалымызды қойдық.

«Ол (шәкіртақыны көбейту – ред.) жоспарланған. Болашақта болады», - деп қысқа қайырды ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар