Қазақстанда кісі өлтіріп Ресейге қашып кеткен адам ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 29 мамыр, 2024
- 383
Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Анықталғандай, бұл адам 2023 жылы қаңтарда өзге адамдармен сыбайласа отырып, кісі өлтірген. Құқық қорғау органдары сыбайластарын қолға түсіріп, соттатқан. Ал, қылмыстан кейін қашып кеткен бұл адам Ресейді паналағаны анықталды.
«Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бұндай қылмыс жасаған адамдар үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз