сенбі, 23 қараша, 2024 23:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасы Ресейге тексеруге жіберілді

Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасы Ресейге тексеруге жіберілді
ашық дереккөзі
Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасы Ресейге тексеруге жіберілді
Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған 6 мың доза «Спутник V» вакцинасының тәжірибелік партиясының сапасын тексеруге Ресейге жіберілді. «Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған 6 мың доза «Спутник V» вакцинасының тәжірибелік партиясының сапасын тексеруге Ресейге жіберілді. Вакцина өндірісі толық 2021 жылдың қаңтарында басталады деп жоспарлануда. Зауыт ай сайын кемінде 300 мың доза шығарады», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасын жаппай егу 2021 жылдың ақпанында басталады. Бірінші кезекте медициналық қызметкерлерге, педагогтарға, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелер контингентіне, сондай-ақ созылмалы ауруларға шалдыққан тәуекел топтарының өкілдеріне ерікті түрде вакцинация жасалады. ktk.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар