«Алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді, оның әсерінен елімізде жауын-шашын болады», - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 21 наурыз түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурыз күндіз, 20-21 наурызда Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп болжанып отыр.
«20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың барлық аумағында, солтүстікте және орталықта жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі, қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз