бейсенбі, 18 сәуір, 2024 5:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

19 наурыз ел тарихында  Жаңару күні ретінде қалады - Дархан Қыдырәлі

19 наурыз ел тарихында  Жаңару күні ретінде қалады - Дархан Қыдырәлі
Сурет ашық дереккөзден алынды
2019 жылдың 19 наурызы тарихи дата. Бұл күн еліміздің тарихи, саяси өміріне жаңа серпін берді. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі «24 кз» телеарнасына берген сұқбатында осылай мәлім етті, -деп  хабарлайды jambylinfo.kz.

Сол жылдан бері Президент сайлауы, Мәжіліс, Сенат сайлауы өтті. Мәжілісте партиялармен бірге мандатты үміткерлер бақ сынады. Шынында, бұл күн тұтас ұлттың тағдыры үшін қабылданған жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістердің бастауы еді. Содан бері саяси ортада жаңашылдықтың лебі сезілді. Сындарлы сәттер, реформаларға толы болды. Халықтың тыныс-тіршілігі мен тұрмысын түзеу үшін байырқалы бастамалар қолға алынды.   


«Экономика саласында үлкен өзгерістер болып отыр. Шет елдегі активтерді қайтару, мына әлеуметтік теңдік мәселесі, жалпыға бірдей қағидаттың жүзеге асуы осы барлық салада көрініс тауып жатыр. Кейінгі жылдары бизнес саласында сенімге селкеу түсіріп, әділетсіздікке әкелген жағдайлар әшкереленді. Асыра сілтегендерді құзырлы органдар тәубесіне түсірді. Құқық қорғау саласы да, сот ісі де реформаланды. Адам құқықтарын қорғаудың айшықты тәсілдері қолға алынды. Ел дамуындағы жаңа серпін, яғни 19 наурыздан басталған толайым істер табиғат пен адам санасының жаңғыруын ұштастырды, -дейді Дархан Қыдырәлі. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар