жұма, 3 мамыр, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"1 литрінің құны 1500 теңгеден басталады". Ғаламторда наурыз көженің саудасы қызып тұр

"1 литрінің құны 1500 теңгеден басталады". Ғаламторда наурыз көженің саудасы қызып тұр
Коллаж: jambylinfo.kz
Наурыз мерекесін жаңа форматта тойлау қоғамда үлкен резонанс тудырып жатыр. Бұл күндері базарда ұлттық киім мен ұлттық әшекей бұйымдарға сұраныс артса, ғаламторда наурыз көже табысты бизнеске айналған, деп жазады  jambylinfo.kz.

Иә, қазір ақшаң болса, бәрін сатып алуға болады. Қазан ошақтың басында сағаттап наурыз көже дайындамай, ғаламторға кіріп, қалаған наурыз көжеңізді сатып алу қиын емес.

Қазақстан бойынша Оlx. жарнама сайтына 200-ге тарта адам наурыз көже пісіріп беремін деп хабарландыру берген. Бағалары да әртүрлі. Орта есепен 1 литрінің бағасы 1500-1800 теңгеден басталады.

Жарнама берушінің біріне хабарласқанымызда телефон тұтқасын алматылық Назым есімді аспаз көтерді. Ол соңғы он жылда наурыз көже сатып, табыс табатынын айтты. 

«1 литр наурыз көже – 1500 теңге. Егер 10 литрдан көп алған адамға +1 кг бауырсақ сыйлыққа беріледі. Тапсырыс берушілер жылдан жылға көбейіп жатыр. Сондықтан тапсырысты 2 күн бұрын беру керек»- дейді ол. 

Айта кетейік, биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлау он күнге созылып жатыр. Наурызнама онкүндігі бойынша, 14-24 наурыз аралығында елімізде Көрісу күні, Ұлттық киім күні, Жаңару күні сияқты айтулы даталар пайда болды. Кеше Таразда Ұлттық киім күніне орай бұрын-соңды болмаған шеру өтсе, бүгін Қазақстанда Жаңару күні тойланып жатқанын жазған едік. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар