бейсенбі, 25 сәуір, 2024 20:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бильярдтан ардагерлер арасында "Жетісу Кубогы” халықаралық жарыс аяқталды

Бильярдтан ардагерлер арасында "Жетісу Кубогы” халықаралық жарыс аяқталды
jambylinfo.kz.
Талдықорған қаласында бильярдтан ардагерлер арасында "Жетісу Кубогы” үшін өткен халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Жарысты ұйымдастырушылар - Жетісу облыстының дене шынықтыру және спорт басқармасы және таяуда құрылған «Қазақстан Республикасы Ардагерлер бильярдшылар Одағы», деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жарысқа Астананың "Ауыл Ұландары" мен "Тарлан" командалары, Шымкенттің "Тұран", Тараздың "Әулиеата" , Алматының "Корона", Қырғыз мемлекетінің "Манас" және " Алатоо", Талдықорғанның "Жетісу" командалары қатысты.

Ардагерлер арасындағы сайыс өте тартысты өтті. Сол себепті, командалардың барлығы дерлік жүлделі орындардан үміттенді. Дегенмен, екі күн бойы бар қарсыластарына дес бермеген Бішкектен келген "Манас" командасы "Жетісу Кубогын" жеңіп алды. Екінші орында Шымкенттің "Тұран" командасы. Үшінші орынға Астананың " Ауыл Ұландары командасы ие болды.

Айта кетсек, жеңіске жеткен командалар арнайы ақшалай сыйлықпен және грамота, медальмен марапатталды.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар