жұма, 5 желтоқсан, 2025 22:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда талапкерлерді медициналық колледждерге қабылдау тәртібі өзгерді

Қазақстанда талапкерлерді медициналық колледждерге қабылдау тәртібі өзгерді
Pixabay.com
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандағы медициналық колледждерге қабылдану үшін енді талапкерлер емтихан тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандандырылуына байланысты бір пәннен емтихан тапсыру — барлық талапкерлер үшін міндетті. Бұл талап 9 және 11 сынып негізінде оқуға түсетіндердің барлығына бірдей қолданылады. Тек стоматология және ортопедия мамандықтарына бұл талап жүрмейді.

"Емтихан бейіндік пәндер бойынша базалық білімді, сондай-ақ талапкердің мотивациялық деңгейін бағалауды қамтиды", – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство бұл жаңашылдық Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асып жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде біз орта медициналық білім алатын мамандарды даярлау сапасына қойылатын талаптарды арттырамыз. Мотивация мен дайындықты бағалаудың бірыңғай тәсілі есебінен түсу кезінде әділеттілік қамтамасыз етіледі. Бұл қоғамның медициналық кадрларды даярлау жүйесіне деген сенімін арттырудың алғашқы қадамы», – дейді министрлік өкілдері.

Емтихан уақыты, тапсырмалар үлгілері мен өткізу тәртібі туралы ақпаратты колледждердің ресми сайттары мен ақпараттық жүйелерінен көруге болады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар