жексенбі, 24 қараша, 2024 19:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алған Қытай азаматтарының саны кеміген

Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алған Қытай азаматтарының саны кеміген
ашық дереккөзі
Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алған Қытай азаматтарының саны кеміген

Соңғы бес жылда Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алған ҚХР азаматтарының саны үш есе кеміген.

Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаевтың айтуынша, Қазақстан халқын елде жұмыс істейтін қытайлықтардың көп екені алаңдататын. Алайда, көрсеткіш олардың 2015 жылмен салыстырғанда 14 пайызға кемігенін көрсетеді. Бұл ақпаратты ол «Қытай және Қазақстан арасындағы экономикалық және сыртқы саясатты талдау» зерттеуінің тұсаукесерімен таныстыру барысында келтірген. Зерттеу мәліметтерін сүйенсек, биыл Қазақстанда жұмыс істеуге 5,2 мың Қытай азаматына рұқсат берілген. Ошақбаевтың айтуынша, бұл мәліметтер әлемдегі пандемияға байланысты жұмысшылар миграциясының бәсеңдеуіне орай шынайы болып көрінбеуі мүмкін. Дегенмен, Қытай Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алған азаматтар саны бойынша көш бастап тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2010-2020 жылдар аралығында 98 846 Қытай елінің азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген. Екінші орында Түркия – 45 мың, үшінші Үндістан 18,3 мың азамат рұқсат алған. baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар