Қазақстанда жыл соңына дейін қанша 5G станциясы орнатылады
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қыркүйек, 2025
- 325
Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында 3500-ден астам 5G базалық станциясын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қолданыстағы "Байланыс туралы" заңға сәйкес, операторлар абоненттерге ресми құжаттарда белгіленген талаптарға және келісімшарттағы шарттарға сай қызмет көрсетуге міндетті.
Министрлік 2022 жылғы желтоқсанда жиілік диапазондарын бөлу конкурсын өткізген болатын. Нәтижесінде жеңімпаз операторлар лицензия алып, міндеттемелер жүктеді. Құжатқа сәйкес, 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ы және облыс орталықтарының 60%-ы 5G желісімен қамтылуы тиіс.
Осыған байланысты байланыс операторлары 2025 жылдың соңына дейін 3500-ден астам 5G базалық станциясын орнатуды көздеп отыр.
Құжат қоғамдық талқылауға 29 қыркүйекке дейін ұсынылған.






