Елімізде
Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 2 шілде, 2025
- 1.5k

Төтенше жағдайлар министрлігі ел аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады.
"Қазгидромет" ұсынған мәліметке сәйкес, бүгін оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық пен құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еліміздің басқа бөліктерінде найзағайлы жаңбыр жауады. Жел күшейіп, батыс пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс өңірде дауыл тұру қаупі бар.
"Жалпы 16 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктер тұрғындарды ыстық, өрт қаупі мен өзге де қатерлі табиғи құбылыстарға сақ болуға шақырады", – делінген министрлік таратқан хабарламада.