сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 1:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық болатынын синоптиктер хабарлады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық болатынын синоптиктер хабарлады
Фото - ашық дереккөзден
Сынап бағанасы бірқатар облыста 40-тан асады

Синоптиктер ертең, 15 маусымда еліміздің кей өңірінде 42 градусқа дейін ыстық болатынын болжады, - деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау облысы бойынша 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

15 маусымда күңдіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. 15 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз найзағай, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 15 маусымда облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-17 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағайда екпіні 15-20 м/с.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар